С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің металлургия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техн.ғ.к. Алексей Богомолов М.В. Ломоносов атындағы медаль және дипломмен марапатталды.

Ресей Жаратылыстану Академиясының 20 жылдық мерейтойы құрметіне, Ресейдің «Отандық ғылымның Алтын қоры» ұлттық бағдарламасы шеңберінде және «Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік консорциумының» марапаттар бойынша комиссиясының шешімімен С.Торайғыров атындағы ПМУ ғалымы Алексей Богомолов Михаил Ломоносов медальінің иегері атағына лайықты деп танылды.

«Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік консорциумының» техникалық және физика-математикалық ғылымдар департаментінің шешімі бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ металлургия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техн.ғ.к., Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, Халықаралық жаратылыстану академиясының (Doctor of Science, Honoris Causa) Құрметті ғылым докторы Алексей Богомолов металлдардың деформациялық-термикалық үдерісін дамыту және өңдеу саласына зор үлес қосқаны үшін ризашылық белгісі ретінде М.В.Ломоносов атындағы диплом және медальмен марапатталды.

А. Богомоловтың металлдық материалдардың кешенді орнығуы, металлтану және металлдардың қыздырып өңдеуі, металлдарды қысыммен өңдеуі сынды жұмыстарын өндіріске енгізу бағытындағы жұмыстары Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік консорциумының марапаттары бойынша комиссия мүшелерін қызықтырып қана қоймай, еңбектері өндіріске енгізу үшін инновациялық мүмкіншілігі зор деп те танылды.

Алексей Богомоловтың айтуынша, ол қазіргі уақытта көміртекті және төмен қоспалы болаттардан жасалатын деформациялық-термикалық орнықтырудың инновациялық технологиясын жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. «Бұл марапатты жетістіктерімнің белгісі деп қана емес, болашақта жаңа зерттеулер жасауға түрткі болатын мүмкіндік деп есептеймін», – деді ғалым.

Алексей Богомоловтың ғылыми-зерттеу жұмыстарының табысты жетістігі халықаралық ғылыми қауымдастық тарапынан мойындалуда. Бүгінгі күні ол 150-ден аса ғылыми мақалалардың, 22 өнертабыстардың авторлық куәліктері мен патенттерінің, 10 оқу-әдістемелік құралдары мен 2 монографиялық жұмыстардың авторы.