2015 жылдың 24 сәуірде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Eurasian Resources Group (ENRC) құрамына кіретін «Business & Technology Services» компаниясының өкілдері металлургия, экономика және ІТ мамандықтарының 4 курс студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ERG компаниясының кәсіпорындарына тәлімгерлерді тарту бойынша «Стрела» бағдарламасының презентациясы көрсетілді.

Еуразиялық топ – кең, қайта өндеу, энергетика, логистика, және маркетинг саласында ықпалдастық кәсіпорындары бар табиғи ресурстарды өңдеу бойынша әлемдегі ірі компаниялардың бірі.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің кеңсе-тіркеушісі т.ғ.к. Петр Быковтың айтуынша: «ERG тобына кіретін Қазақстанның ірі кәсіпорындарында тәжірибеден өту бұл – біздің түлектеріміз үшін үлкен мүмкіншілік. Қазақстандағы ірі компаниялардың біріне жұмысқа орналасып, Қазақстан Республикасының экономикалық әлеуетінің дамуына өз үлесін қосуға зор мүмкіндіктері бар».

Бүгінгі таңда Еуразиялық топ 65 000 мыңнан астам металлургтарды, кеншілерді, энергетика мен көлік саласы қызметкерлерінің басын біріктіріп отыр. Сонымен қатар бұл топ Қазақстан Республикасының тау-кен саласының үштен бір бөлігін құрайтын үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының көшбасшысы.

Павлодар облысында оның құрамына «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Еуразиялық энергетикалық компания» АҚ және т.б. ірі кәсіпорындар енеді.

Руфина Торпищеваның фотосы