С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің болашақ географтары салауатты өмір салты мәселелерін арқау еткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік On-line конференциясына қатысты.

Бұл конференция Халықаралық денсаулық күніне орай Қазақстандағы салауатты өмір салты мәселелерінің өзектілігі мен жастар саясатын жүзеге асыру шеңберінде өтті.

Шара студенттік жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру мақсатын тұтты.

Конференция жұмысына Забайкал мемлекеттік университеті (Чита қ., Ресей), Приазов мемлекеттік техникалық университеті (Мариуполь қ., Украина), Полес мемлекеттік университеті (Пинск қ., Беларусь), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің географтары қатысты.

Павлодар мемлекеттік университетінің «Туризм» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттері Наргиза Даниярова, Юлиана Сысоева, Юлия Тарасова өздерінің әлеуметтік сауалнамасын жүргізді. Сауалнаманың нәтижесіне сәйкес көпшілікке «Студенттік жастар арасындағы салауатты өмір салтының рөлі» атты баяндама ұсынылды.

Конференцияның барысында С.Торайғыров атындағы ПМУ модераторы, география және туризм кафедрасының аға оқытушысы Гүлмаржан Қасенова өз сөзінде: «С.Торайғыров атындағы ПМУ мен Забайкал мемлекеттік университеті арасын көп жылғы халықаралық ынтымақтастық қарым-қатынас байланыстырып келеді. Ал мұндай ғылыми конференциялар халықарлық ғылыми байланысты берік те сенімді етері анық. Сонымен қоса, студенттік жастар арасында да салауатты өмір салтын қалыптастыруға жол салынады деп түсінемін», – деді.

Руфина Торпищеваның фотосы