С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Студенттер Кәсіподақ Ұйымының ұйымдастыруымен студенттер арасында шахматтан факультет аралық турнир өтті.

Оқу орда студенттері С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттік кәсіподақ ұйымы арнайы Кубокті бәске тіккен бәйгеде тартымды да жігерлі ойын көрсетті.

Тартысты ойында жеңіс тұғырына топ жарып келген Бизнес және құқық факультетінің 1 курс студенті – Нұрлан Газиев. Бизнес және құқық факультетінің 2 курс студенті Арман Аубакиров екінші орынды иеленді. Үшінші орын Энергетика факультетінің 4 курс студенті Даулет Кудеринге бұйырды.

Жеңімпаздарға С.Торайғыров атындағы ПМУ Студенттер Кәсіподақ ұйымы тағайындаған Кубок, медальдар және грамоталар, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Жалпы ойын барысында қатысушылар техникалық-әдістік шеберліктерінің жоғары көрсеткішін көрсетті. Ойынды кәсіби деңгейде өтті деуге де әбден болады. Ал бастысы, ойыншылар осы сынды шахмат турнирлерінің көп болғанын қалап, қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ, аталмыш спорт мерекесі үшін алғыстарын білдірді.

С.Торайғыров атындағы ПМУ кәсіподақ ұйымының төрағасы Тілек Мәсәлімнің айтуынша білім ордасының кәсіподақ ұйымы түрлі шаралар арқылы ұжымдық белсенділіктің артуына өз үлестерін қосуда. «Бойдағы талант пен спорт заманауи дәуірдегі өзіндік даму мен шыңдалудың маңызды бір бөлшегі. Ал шахмат – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да қызықты спорт ойыны. Сондықтан, бұл ойынды ойнаған студенттердің дүниетанымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қоры, білім сауаттылығына және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға үлесін тигізеді», - деп атап өтті өз сөзінде Тілек Мсәлім.