С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Арман Ақышев ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған студенттермен кездесті.

Кездесуге Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаменті ұйытқы болды.

Шара ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жаңа жылдық көңіл күй сыйлау, алдағы уақытта университет шараларына белсенді қатысуға ынталандыру, оларды қолдау және қамқорлау мақсатын көздейді.

Өз сөзінде Арман Ақышев ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған студенттерді барынша қамқорлауға университетте әлеуметтік жобалар мен бағдарламалар мен әлеуметтік кепілдемелер іске асатынын атап өтті. Ол оқу ақысы жеңілдіктері, жатаханадаларда тегін орналастыру, университеттегі тегін тамақтану, қоғамдық көлікте тегін жүру сияқты жеңілдіктер туралы атап өтті.

Ізгі шараға университетіміздің әр факультетінен барлығы 79 студент қатысты.

Жыл сайын ата-аналар қамқорлығынан айырылған студенттерді қолдау мақсатында «Мейірімділік» атты акциясы өтіп тұрады. Мұнымен қоса, С.Торайғыров атындағы ПМУ қабырғасында толық мемлекеттің қамтамасыз етуімен білім алып жүрген студенттер де бар. Студенттердің бірінші курсында киімдер мен төсек орын, ал соңғы курсында бір мезгілдік қаржылай көмек көрсетіледі. Ал жазғы демалыс уақытында бұл студенттер С.Торайғыров атындағы ПМУ «Баянтау» жастар лагеріне демалуларына мүмкіндік алады.

Арман Ақышев студенттерді ЖОО-да ұйымдастырылатын іс-шараларға белсенді атсалысуына шақыру тастады. «Сіздердің сапалы білім алуға толықтай мүмкіндіктеріңіз бар. Сондықтан С.Торайғыров атындағы ПМУ қабырғасынан барынша мол білім алуларыңызға талпынып, білікті де білгір маман болуды мақсат тұтыңыздар. Сонда Сіздер қоғамнан лайықты өз орндарыңызды табуларыңызға жол ашылады», - деп ұстаздық лебізін арнады Арман Айтмұхаметұлы.

Бұл күні студенттердің барлығына бірдей қаржылай көмек көрсетіліп, әр бір студентке жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді. Кездесу соңында студенттер өз ұсыныстарымен алғыстарын білдіріп ризашылығын жеткізді.

Студенттердің өзекті мәселелері мен сауалдарын талқылауға арқау болатын осы сынды шаралар С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің әдеттегі жұмысы.