С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлкеттік университетінің студенттері студенттік өзін-өзі басқарудың шеңберінде жастар ісі жөніндегі комитеті мен студенттік ректорат белсенділерінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Студенттік бал» өткізді.

Бүгінгі студенттік балда кез келген жан бидің таңғажайып әлемінің есігін ашты. Сұңғыла бойлы бозбалалар мен сұлу бойжеткендер веналық ертегі кейіпкеріне айналғандай. Бір кездері оркестрмен қонақтарды күтіп алу – бал өткізудің дәстүрі саналған. Бүгінде сол өткен күнгі игі дәстүрімен оркестрдің тамылжыта салған әуенімен қонақтарды күтіп алды.

Студенттік балдың құрметті қонағы болып С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев болды. Ол студенттерді би балының тұсау кесерімен құттықтады. Серік Мәуленұлы өз сөзінде Павлодар мемлекеттік университетінде студенттер сапалы білім алумен қатар шығармашылық бағытта жан-жақты дамуына мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті.

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ақбота Сарыбайдың айтуынша бұл шараға ұйымдастырушылар көп уақыт бойы байыппен дайындалған. Мәселен, ұйымдастырушылар дебютанттар үшін кастинг өткізу, бал этикетін меңгеру және маңыздысы класикалық би өнерін игеру сынды жұмыстарды атқаруға тура келген. Күнделікті басты вальс пен полонеза билерін меңгеру үшін бишілермен дайындықтар өткізіпті.

Қатысушылардың сәнді киімдері ХІХ ғасыр мәнері мен рухында өткен би балының салтанаты мен шырайын келтірді. Өйткені дебютанттар кешкі дресс-код талабына сай киінуі тиіс болатын.

Көрермендер мен әділ қазылар алқасы назарына класикалық би үлгілері, оның ішінде полонез, полька, мазурка билері ұсынылды. Кештің екінші бөлімінде дебютанттар би, сахналық образ және вокалдық дарындарын байқайтын өздерінің үй тапсырмаларын орындады. Сондай-ақ, кеш бағдарлмасында С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттік филармонияның би топтары мен әншілері өнер көрсетті.

Мұнымен қоса, кеш бағдарламасы шеңберінде «Көрермен көзайымының Ханзадасы мен ханшайымы», «ЖІК Ханзадасы мен Ханшайымы» номинациялары бойынша жүлделер табыс етілді. Сонымен қатар, қосымша дауыс беру арқылы ғаламтор бйынша «Ханзада мен Ханшайым» иегерлерін анықтады. Ал «ПМУ Ханзадасы мен ханшайымы» атанған Алмас Мәжит пен Махаббат Қанабекова болды.

Бұл кеште сыйлық алмаған жандар болмады. Студенттік балға қатысқан бозбалалар мен бойжеткендердің барлығы демеушілердің ұсынған құнды сыйлықтарына қарық болды.

Жаңаның бәрі – бір кездері ұмытылған ескінің көзі екені белгілі. Асылыныда, бүгінгі заманауи заманда бұрынғы өткен дәуірден жеткен дәстүрлердің құндылығы басым болады. Бүгінгі кеште сымбатты ханзадалар мен сұлу ханшайымдардың билері ақсүйектік талғамның, әдемілік пен сән-салтанаттың көрінісін айшықтады.

Руфина Торпищеваның фотосы