«Мемлекет Басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын жүзеге асыру бойынша ғылым, білім және өндіріс ықпалдастық барысын күшейту» - С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры С.Өмірбаев

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа экономикалық саясаттың қағидаттары мен басымдықтарын белгілеген «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауы ел экономикасының өсуіне, қазақстандықтардың тұрмысын жақсартуға, мемлекеттің ішкі саяси тұрақтылығын қолдауға ықпал етеді.

Мемлект басшысы Жолдауда еліміздің инфрақұрылымдық дамуының айқын жоспарын ұсынды. «Дағдарыс жағдайында әлемдік тәжірбиеден байқап отырғанымыздай экономикалық саясатта қайта бағдарлау жүріп жатыр», - деп мәлімдеді ол.

Елбасы Жолдау міндеттерді атқару бойынша нақты жобаларды іске асыруға тапсырма берді. Бұл жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары да тікелей қатысады. Өйткені, С.Торайғыров атындағы ПМУ ғылым мен өндірістің ықпалдастығын орнатып, инновациялық-бағдарлы жоғары оқу орны ретінде табысты қызмет етіп келеді. Оған жуырда ғана «Инновациялық форсаж» инновациялық бизнес жобалардың республикалық байқауындағы С.Торайғыров атындағы ПМУ ғалымы, т.ғ.д., профессор Әбілхан Қарақаевтың жеңісі дәлел бола алады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қазақстандықтар үшін жол, тұрғын үйлер ұсынатын көліктік-логистикалық, индустриялық инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығы турасында қада айтты. Бұл міндет-мақсаттарға орай біздің ғалымдардың мейілінше шығынды аз талап ететін құрылыс материалдарын өндіру бойынша жасаған жобаларының өзектілігі артып тұр. Осындай маңызды жобалардың бірі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымы, т.ғ.к., профессор Ш.К.Торпищевтің жолды бүркеу үшін цементсіз қабырғалы тастар, бетонды қоспа, шикізаттық қоспаларды өндіру бойынша ғылыми жобаларын атап өтуге болады.

Біздің ғалымдардың өзекті жаңа жобалары техникалық ерекшілігі жоғары, техногенді қалдықтарды пайдаға асыратын жаһандық сапа стандартына жауап беретін жаңа дәуірдің экологиялық қауіпсіз құрылыс материалдарын өндірудің отандық технологияларын тәжірибеге енгізу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Н.Ә.Назарбаев айтулы Жолдауда жас қазақстандықтарға білім беру және тәрбиелеудің маңыздылығына ерекше мән берді: «Индустриаландыру бағдарламасы шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысты қаматамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруды тапсырамын».

ҚР Білім және ғылым министрлігі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін экономиканың 4 маңызды энергетика, металлургия, машинажасау және мұнайхимия салалары бойынша базалық жоғары оқу орны деп белгіленді. Швеция, Германия, Ресей, Латвия, Чехия және Польша мемлекеттерінің шетелдік алдыңғы қатарлы серіктес жоғары оқу орындарымен жұмыс істеу мақсатында инновациялық бағыттағы жаңа оқыту бағдарламалары бойынша жұмыс жасалатын болады. Қазіргі таңда индустриялды-инновацияны дамытудың мемлекеттік бағдарламалары жобаларын жүзеге асыратын кәсіпорындар анықталды. Олар «Нефтехим LTD компаниясы» ЖШС, «Қазақстан электролизді зауыт» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «Кастинг» ЖШС, Ақсу ферроқорытпа зауыты «Қазхром» ТҰҚ ААҚ, «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Проммашкомплект» ЖШС, «FormatMachCompany» ЖШС, ПНХЗ ЖШС АҚ және басқалары.

Оқу сабақтарында студенттерді энергетика, металлургия, машинажасау және мұнайхимия салаларындағы жаңа инновациялық технологиялармен таныстыру мақсатында жаңа зертханалық құрылғылар, заманауи техникалар қолданылады. Мұндай бағдарлы тәжірибе алмасу студенттердің кәсібін терең меңгеруіне сеп болады. Студенттерді кешенді оқыту кәсіпорындар үшін өңіріміздің көркеюіне еңбек ететін білікті мамандарды табуға жол ашады.

Осылайша, ғалымдар мен кәсіпорын мамандары арасындағы байланыс ғылым, білім және өндіріс ықпалдастығының арта түсуіне қызмет етеді. Ал басты басымдылық ретінде адам капиталы, тәжірибелік білім мен біліктілікке инвестиция салынатын болады. Өйткені, заманауи маманға оның білімі, кәсібилігі, оқып-білуге деген қабілеттілігі құнды қасиетке баланады. Осы бағдарламаның арқасында еңбек нарығы және жұмыс берушілер бітіруші түлектердің дайындық деңгейімен қанағаттана алады. Ал ЖОО мен кәсіпорындар арасында бір-біріне деген сенім арқылы шынайы серіктестік қарым-қатынас орнайды.