С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Жаңа қазақстандық патриотизм: жастардың көзқарасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге С.Торайғыров атындағы ПМУ Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы, «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы мұрындық болды.

Шараның мақсаты – жаңа қазақстандық патриотизмнің идеялық негізін насихаттау, жастар ортасында оларды дамыту бойынша нәтижелі әдістерді анықтау.

Аталмыш кездесуге т.ғ.к., «Нұр Отан» партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының орынбасары Арман Ешмұратов, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының маманы Виктория Хуако, С.Торайғыров атындағы ПМУ факультеттерінің декандары мен декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, ғылыми қызметкерлер, магистранттар, студенттер, факультеттердің діни сауаттылықты жетілдіру бойынша ақпараттық-ағартушылық топтарының мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстелдің модераторлық қызметін С.Торайғыров атындағы ПМУ философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.к. Гауһар Ахметова мен этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы басшысы Нұржамал Тышқанова атқарды.

Отырыс барысында т.ғ.к., «Нұр Отан» партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының орынбасары Арман Ешмұратовтың «Қазақстандық патриотизм: жағдайы, мәселелері мен қалыптасу жолдары», С.Торайғыров атындағы ПМУ гуманитарлық-педагогикалық факультеттің 3 курс студенті Әділет Мейірмановтың «Қазіргі патриот азаматтың рухани-адамгершілік құндылықтары мен мұраттары», Агротехнологиялық факультеттің 3 курс студенті Алтынай Архатованың «Патротизм – еліміздің ұлттық бірлігінің негізі заманауи қазақстандық патриотизмнің бағыты» атты баяндамалары мен басқа да қатысушылардың жастар арасындағы өзекті мәселелерге арқау болған баяндамалары оқылды.

Дөңгелек үстелде жастардың арасында өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастыруда студенттік ұйымдардың рөлі, жастардың әлеуметтік кемелденуі, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, дөңгелек үстел жұмысында студенттердің бойына елдің мәдени бірегейлігіне, рухани және ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатер тудыратын адамгершілікке жат қылық (былапыт сөздер, нашақорлық, маскүнемдік) жемқорлық, экстремизм сияқты жат құбылыстарға азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге профессорлық-оқытушылар құрамының атсалысуы туралы да сөз қозғалды. Қатысушылар оқытушылардың студенттерді дәріс және тәжірибелік сабақтың мазмұнында тәрбиелеу бағыты бойынша өзара пікір алмасып, тұщымды ойлар айтты.

Баяндамашылардың қорытынды сөзі мен ұсыныстары ескеріліп, дөңгелек үстел жұмысы шеңберінде резолюция қабылданды.