2014 жылдың 28 қазан күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Әлеуметтік қызметкер күніне» арналған салтанатты шара өтті.

Бұл мерекеге С.Торайғыров атындағы ПМУ психология және педагогика кафедрасы мұрындық болды.

Барлық жан жылулары мен бойындағы жігерлерін қарт адамдар, мүгедектер, аз қамтамасыз етілген отбасылар, көп балалы азаматтармен бөлісіп жүрген әлеуметтік қызметкерлерді даярлайтын профессорлық-оқытушылар құрамы мен болашақ әлеуметтік мамандарды бұл күні С.Торайғыров атындағы ПМУ гуманитарлық-педагогикалық факультетінің деканы Әмірғали Бегімтаев құттықтады. Ол өз сөзінде:

– Бүгінде еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесі сан-салалы қоғамымыздың барлық топтарына тәуелсіз мемлекет тарапынан лайықты қамқорлық көрсетіп, еліміздегі тұрақтылық пен берекенің бірден бір тірегі екені шындық, - деп әлеуметтік қорғау саласы қызметінің маңыздылығына тоқталды.

Мерекеде Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарамасы, Павлодар облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау басқармасы, «Психохрониктерге арналған Павлодар мамандандырылған үйі» ММ, Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлуметтік мекемесі» КММ, №1 Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек емханасы, «Жас ұрпақ» жасөспірімдер үйінің басшылары мен мамандары қонақ болды.

Шара барысында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша білім алып жүрген 1 курс студенттері әлеуметтік қызметкерлер қатарына қабылданды. Студенттер «Психология және педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Елена Бурдинаның қолынан салтанатты түрде медаль мен естелік сыйлықтар алды.

Психология және педагогика кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерін Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарамасының басшысы Гүлнар Камалова, Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлуметтік мекемесі» КММ басшысы Абдулин Сапарбек құттықтады.

Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің деканы Әмірғали Ильяшұлы әлеуметтік қызметкерлерді дайындауға белсенді атсалысып жүрген оқытушыларға кәсібиліктері және жетістіктері үшін ризашылығын білдіріп, үздік қызметкерлерге: С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры атынан психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Елена Бурдинаға, гуманитарлық-педагогикалық факультет деканының орынбасары п.ғ.к., прфессор Сәуле Ксембаеваға, «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша магистр Самал Антикееваға, аға оқытушы Айгүл Райымбековаға, оқытушы Елена Жүнісоваға алғыс хаттар табыс етті.

Мұнымен қоса, кәсіби мерекеде студенттер мен магистранттар жиылғандарды тамаша өнерлерімен тәнтті етті. Шара әлеуметтік жұмыс туралы терминдер тақырыбындағы «Карнавал түнімен» жалғасын тапты.