С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Ернұр Хайлямов пауэрлифтинг бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатында жеңімпаз және жатып сығымдап көтеру бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Ернұр Хайләмов – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті металлургия, машинажасау және көлік факультетінің «Көліктік логистика» кафедрасының үздік студенті.

Екібастұз қаласында өткен пауэрлифтинг бойынша республикалық чемпионатында Ернұр Хайләмов ерлер арасында үздіктер қатырынан көрінді. 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 520 кг ауыр көтеріп, үздік нәтиже көрсетті. Ернұр тамаша нәтижесімен бірінші орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Ал Семей қаласында өткен жатып сығымдап көтеру бойынша республикалық чемпионатында павлодарлық спортшы 155 келіні бағындырып, қанжығасына екінші орынды байлады. Ернұр тағы да жеңіс тұғырынан бой түзеп, күміс жүлдегер атанды.

Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Ернұр Хайләмов бірқатар рекорттық көрсеткіштер иесі болды.