С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде баскетбол бойынша университет біріншілігі және ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рафаил Вахитов атындағы турнир өтті.

Рафаил Вахитов атындағы университет турнирінде С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің кіл мықты боксшылары бағын сынады. Былғары қолғап шеберлері бас қосқан бұл сайыс 10 салмақты дәреже бойынша өтті. 56 келіге дейін салмақ бойынша Раухат Рамазанов (НГД-102 тобы) жеңіске жетті. 60 келіге дейінгі боксшылар арасынан Қосай Дәулет (ОРжОШ тобы) топ жарып шықты. Ал 64 келіге дейінгі сайыскерлер арасынан оза шапқан Әділхан Әлжан (НГД-102) болды. Ал 91 келіге дейінгілер арасында Ғазиз Ақаев (МС-302) үздік боксшы атанды.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Сұңқар» спорттық клубы студенттердің спортпен кәсіби тұрғыда айналысуына барынша жағдай жасаған. Бұған спортпен кәсіби шұғылданатын және салауатты өмір салтын ұстанатын студенттердің саны күн санап өсіп келетіні дәлел бола алады.

Павлодар мемлекеттік университетінің бескетбол бойынша біріншілігі тартысты өтті. С.Торайғыров атындағы ПМУ факультеттері арасында өткен ойын нәтижесі бойынша екі команда оза шауып, үздіктер қатарынан көрінді. Баптары мен бақтары қатар шапқан гуманитарлы-педагогикалық факультеті мен металургия, машинажасау және көлік факультеті арасында табанды ойын өтті.

Ойын қортындысына сай жеңіс тұғырының бас орынын гуманитарлы-педагогикалық факультеттің баскетбол командасы иеленді. Екінші орынға металлургия, машинажасау және көлік факультетінің бескетболшылары жайғасты. Университет біріншілігінің қоласы сәулет-құрылыс факультетінің командасына бұйырды.

Жалпы жекпе-жек барысында боксшылардың көрсеткен техникалық-әдістік және шеберліктерінің жоғары көрсеткіші ойынның кәсіби деңгейде өткеніне дәлел бола алды..