2014 жылдың 9 қазанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы (ИИД МБ – 2) үшін кадрларды даярлауға қатысу бағдарламасы шеңберінде университет қабырғасына Kinsey&Company консалтингтік компания өкілдері Илья Симоненко мен Алима Зиманова және Қазақстан ЖОО Консорциумы бағдарламалық кеңесінің ИИД МБ – 2 аясында кадрларды дайындау бойынша қызметкері Лариса Нефедова іс сапармен келді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен Павлодар мемлекеттік университеті өңірдегі энергетика, металлургия, машинажасау және мұнайхимия салалары бойынша базалық жоғары оқу орны болып анықталды.

С.Торайғыров атындағы ПМУ ИИД МБ – 2 қатысу бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңесте оқу жұмыстары жөніндегі проректоры Нелли Пфейфер, академиялық сұрақтар бойынша департамент басшысы Ренат Нұрғожин және С.Торайғыров атындағы ПМУ ИИД МБ – 2 шеңберінде мамандарды дайындау бойынша жобалық кеңсе қызметкерлері Петр Быков, Алексей Богомолов, Салтанат Кенбеилова, Асылбек Қасенов Евгений Приходько қатысты.

Кездесуде ИИД МБ – 2 бағдарламасын іске асыру аясында Павлодар өңірінің энергетика, металлургия, машинажасау және мұнайхимия салаларының даму жолдары талқыланып, ИИД МБ – 2 үшін кадрлар дайындауда С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің алатын орыны, қосарлы білім беруді жүзеге асыру барысында академиялық ұтқырлық, шетелдік ғалымдарды шақырту және т.б. университет тәжірибелері туралы мәселелер қаралды.