С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымы кәсіпорын өкілдерімен жылуэнергетика мәселелері бойынша іскерлік-кездесуге қатысты.

Аталмыш кездесу «Павлодар облысының индустриялды-инновациялық даму басқармасы» ММ және С. Торайғыров атындағы ПМУ Ғылым және инновация департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Іскерлік-кездесудің мақсаты: жылуэнергетика саласындағы кәсіпорындары өкілдеріне инновациялық технологиялар қолданған ғылыми жобалармен таныстыру.

Кездесуде техн.ғ.к., С.Торайғыров атындағы ПМУ металлургия, машинажасау және көлік факультеті «Жылуэнергетика» кафедрасының доценті Евгений Приходько патентпен қорғалған бес жобасының тұсауын кесті. Евгений Валинтинұлы өзінің жобаларының маңыздылығы мен жаңашылдығына тоқталды. Ол кәсіпорын өкілдерінің назарына «Материалдардың жылу физикалық параметрлерін анықтау әдістері» атты жобасын ұсынды.

Жоба тұсау кесерінен кейін С. Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдары және «KSP Steel» ЖШС, және «Кастинг» ЖШС, ПТПЗ кәсіпорын өкілдері арасында еселі диалог жүргізілді. Кездесу аясында ғылыми жобаларды жүзеге асыру барысында бірлесіп жұмыс істеу, алдағы уақытта қызметтесу туралы келісімге келді.