С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 1 курс студенттері арасында мини-футболдан университет біріншілігі және Ұстаздар күніне орай ЖОО студенттері арасында жеңіл атлетикадан университет біріншілігі өтті.

Спорт сайысына С.Торайғыров атындағы ПМУ құрама командалары мен бірінші курс студенттерінен құрылған факультеттер құрама командалары қатысты.

Павлодар мемлекеттік университеті студенттерінің арасында мини-футболдан университет біріншілігінің нәтижесі бойынша химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің мини футбол командасы оза шауып, І орынды иеленді. Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің командасы екінші орынды қанжығасына байлады. Ал сәулет-құрылыс факультетінің командасы үшінші орынды қанағат тұтты.

Ұстаздар күніне орай өткен С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері арасындағы жеңіл атлетикадан университет біріншілігі нәтижесіне сәйкес ерлер арасында бірінші орынға 95 ұпаймен БЗХТ-101 тобының студенті Базарханов Әсет қол жеткізді. МТ-101 тобының студенті 93 ұпай жинап, екінші орынды иеленді. АиУ-202 тобының студенті Тоқмамабетов Диас 92 ұпаймен үшінші орынды еншіледі.

Жеңіл атлетикадан университет біріншілігі қорытындысы бойынша қыздар арасында қоржынына 78 ұпай жинап Жур-202 тобының студенті Құсайынова Зарина бірінші орынды қанжығасына ілді. 74 ұпаймен екінші орыннан Х-101 тобының студенті Смат Азиза бой түзеді. Ал Пол-202 тобының студенті Абдрахманова Гүлден 66 ұпаймен үшінші орын иегері атанды.

Руфина Торпищеваның фотосы