С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті 2014 жылдың 21-24 қыркүйегі аралағында өткен таэквондо спорт мектептері арасындағы Қазақстан чемпионатында үшінші орынға иеленді.

Таэквондо спорт мектептері арасында Қазақстан чемпионатында Астана, Алматы, Шымкент, Тараз және басқа қалалардың кіл мықты таэквондошы спортшылары қатысты. Еліміздің мықтылары сайысқан додада жерлесіміз Дария Жүсіпова үздік жетістіктермен көзге түсіп, жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлады.

С.Торайғыров атындағы ПМУ Агротехнология факультетінің Биотехнология мамандығы бойынша білім алып жүрген БТ-201 тобының 2 курс студенті Дария Жүсіпбаева – спорт шеберіне кандидат. Қазір ол таэквондодан бірінші данның қара белбеу дәрежесіне ие. Дарияның жаттықтырушысы – 2000 жылдан бері таэквондодан Ким Сонг Су мектебінің жаттықтырушысы болып келген үшінші дан бойынша қара белбеу иегері Смородин Дмитрий.

Осы уақыт ішінде ол әр түрлі облыстық, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысты. Дария Қазақстан Республикасының 2005 және 2007 жылдарының чемпионы, Қазақстан Республикасының таэквондодан жастар арасындағы қүміс жүлдегері. Ол Санкт-Петербург, Барнауыл, Кореяда өткен жарыстарда бірінші орындарды қанжығалап келді.

Дене шынықтыру мен спорттың дамуы – ұлттың саулығының кепілі. С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің агротехнологиялық факультетінің студенттері университетте және қалада өтетін спорттық шараларға белсене қатысады.

Жусупбаева Дария спорттағы табысты жетістіктерімен қатар оқуда да озат, өнегелі студент.