2014 жылдың 26 қыркүйек күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ПМУ әкімшілігінің, құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің, студенттерінің белсенді қатысуымен «Таза жұма» сенбілігі өтті.

Сенбілікке қатысқан С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Дамыту стратегиясы бойынша және тәрбие мен әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Арман Әкішевтың айтуы бойынша, университеттің осындай іс-шаралаға қатысуы – қаланың жақсарту және көгалдандыру ісіне ұлес қосқаны. «Оқу мекемесінің таза ауласы – бұл университеттің ғана емес, әрбір студенттің беделін көтеруде», – деді Арман Айтмұхаметұлы.

Руслан Гафуров «Таза қала» және «Таза университет» сынды акцияларға қатысуы әрбір қала патриоты үшін намыстың ісі болып саналады деген пікірін білдірді.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың оқытушылары, қызметкерлері және студенттерінің жалпы пікірі бойынша, университет ауласын тазалау білім ордасының өркендеуіне септігін тигізеді.

Бұл тазалық акция ПМУ-да алғаш рет өтіп жатқан жоқ. Осындай іс-шаралар дәстүр бойынша достық және тілектестік көңіл-күйде өтуде.

Университет ұжымы қатысқан сенбілік арқылы қаладағы «Таза жұмалар» атты игі дәстүрі өз жалғасын табуда.