С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Хаким Қайыргелді 2014 жылдың 6-14 қыркүйегі аралығында Италияда өткен кикбоксингтен жастар арасындағы әлем чемпионатында тұғырлы үшінші орыннан көрінді.

С.Торайғыров атындағы ПМУ Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің «Металургия» кафедрасы МТ-203 тобының студенті Хаким Қайыргелді әлемнің 87 елінің 1970 кіл мықты жас спортшыларын басын қосқан додада топ жарып, үздік жетістікерімен көзге түсті.

Жарысқа қатысушы спортшылар өз елдерінің атына кір келтірмеуге тырысып-бақты. Ал, павлодарлық жас спортшы Хаким кикбоксингтің фул-контакт бөлімінде 75 кг салмақтағы ерлер арасныда қазақ елінің намысын қорғап, қазақстандықтардың кикбоксингте осал еместігін дәлелдеп берді. Жерлес спортшымыз хорват және түрік кикбоксшыларымен жекпе-жекке шығып, қарсыластарынан басым екенін байқатты.

Бүгінде ел спортшылары кикбоксингтен әлемдік ареналарында жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Дүниежүзілік көптеген тартысты додаларда топ жарып жүрген қазақстандық спортшылардың елімізде ізбасарлары да жетерлік.

Ел намысын арқалап Италияның Римни қаласында өткен кикбоксингтен жастар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетіп, қоладан алқа таққан С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті Хаким Қайыргелдіні шын жүректен жеңісімен құттықтап, ел намысын табысты қорғауда жеңісті туың желбірей берсін демекпіз.