С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері студенттердің тұрмысы және бос уақытты тиімді өткізу мәселелерін талқылады.

Шараны ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік және әлеуметтік тапсырысымен «Студенттік өзін-өзі басқару және дамыту одағы» корпоративті қоры ұйымдастырды.

2014 жылдың 22-24 қыркүйек аралығында Павлодар мемлекеттік университетінде «Студенттік өмір» атты кездесулер өтетін болады. Мұндай кездесулер студенттер, мәслихат депутаттары, кеңестік ұйымдар мен «Қазақстан – 2050» қозғалысының өкілдерінің басын қосады.

Жиылғандарды Павлодар облысы жастар саясаты жөніндегі басқарманың төрайымы Нұргүл Айғожина оқу процесіне, тұрмыс пен бос уақытты өткізу мәселелерін анықтап, оларды бірлесе шешуге шақырды. Шараның модераторлық қызметін әлеуметтік-волонтерлік орталықтың жетекшісі, С.Торайғыров атындағы ПМУ Сәулет-құрылыс факультетінің студенті Наталья Ульченко атқарды. Сондай-ақ, өз баяндамаларымен Павлодар мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік сауалдар департаментінің маманы Тілек Мәсәлім, С.Торайғыров атындағы ПМУ жастар ісі бойынша комитетінің төрайымы Ақбота Сарыбай және студенттік өзін-өзі басқарудың өкілдері Руслан Гафуров, Жомарт Каусар белсене қатысты.

«Басты тақырып – студенттердің тұрмысы мен бос уақыты. Біз студенттерді барынша тыңдап, оларды не мазалап жүргенін біліп, және де сол мәселені бірлесе отырып шешуді мақсат еттік. Мұнымен қоса, студенттік белсенділердің бастамалары мен ұсыныстарына құлақ аспақшы едік», - деп анықтама берді бүгінгі кездесулеріне «Студенттік өзін-өзі басқару және дамыту» КҚ басшысы Камилла Рахматулина.