«Қазақстан – 2050» Стратегиясында белгіленген балалардың өмір сапасын арттыру бойынша жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру мақсатында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жыл сайын өтетін «Мектепке жол» атты акциясына қатысты.

Акцияның мақсаты: аз қамтылған отбасыларындағы мектеп оқушыларына, ата-ана қамқорынсыз қалған мектеп жасындағы балаларға және көп балалы отбасыларға материалдық көмек көрсету, сондай-ақ балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалу мәселесіне қоғамның назарын аудару болып табылады.

Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің дәстүрлі жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы шеңберінде биылғы оқу жылында Разенковалар отбасының балалары Шорохов Кирилл мен Шорохов Данилге көмек көрсетілді.

Биылғы «Мектепке жол» акциясы «Балаларға мейірімділік сыйла» ұранымен өтті. Осылайша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларының жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсетіп, балаларға мейірімділік сыйлады.

Акция аясында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті Разенковалар отбасына оқу киімін алу үшін қажетті өлшеу жасап, керекті тауарларды алып, балалардың өз қолына табыстады.

Жалпы айтқанда, С. Торайғыров атындағы ПМУ аймағымыздың қоғамдық өміріне белсенді атсалысып, сонымен бірге, елімізде әлеуметтік жұмыстың ілгері дамуына өз септігін тигізіп келеді.