С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетік университетінің «Ертіс» ғылыми-технологиялық паркі мен Инновация және трансфертті технологиялардың аймақтық орталығының басшылары «Зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР кодексі және ҚР Қылымстық кодексіне өзгертулер мен толықтыруларға түсінік беру» тақырыбында өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Айтулы шараның ұйымдастырушысы – Павлодар облысының Әділет департаменті.

Шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексін түсіндіру болып табылады.

Дөңгелек үстелге қатысушы ретінде С.Торайғыров атындағы ПМУ «Ертіс» ҒТП басшысы Серік Жұмажанов және ИжТТАО басшысы Сергей Смаилов, сондай-ақ Павлодар облысы кәсіпорындарының өкілдері шақырылды.

Дөңгелек үстелге қатысушы ретінде С.Торайғыров атындағы ПМУ «Ертіс» ҒТП басшысы Серік Жұмажанов және ИжТТАО басшысы Сергей Смаилов, сондай-ақ Павлодар облысы кәсіпорындарының өкілдері шақырылды.

Сонымен қатар, Сергей Темірболатұлы, Серік Қаратайұлы мен Машинажасау және стандарттау кафедрасының магистранты С.Нұркимбаев және де студенттері С.Акушев (Мт-302(с) тобы), К.Арқалықов (МТ-301 тобы), А.Кәкенов (КТ-301 тобы) өздерінің ғылыми жетістіктерімен Қала күнін мерексі аясында өткен «Инновация жастардың көзқарасымен» көрмесіне белсенді қатысты.