2014 жылдың 16-17 қыркүйегі аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Кітаптарға жаңа өмір сыйла» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Осы екі күн бойы университетте Кенжекөл ауылында орналасқан отбасылық үлгідегі балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне канцелярлық тауар мен кітаптарды жинайды.

Аталмыш қайырымдылық шарасының ұйымдастырушысы – Павлодар мемлекеттік университетінің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаментіің қолдауымен жоғары оқу орнының әлеуметтік-волонтерлік орталығы.

Қайырымдылық шарасының мақсаты – балалар үйі мен интернатта тәрбиеленетін бүлдіршіндердің мәселелеріне жастарды тарту, сондай-ақ, студенттер, профессорлық-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлерінің балалар үйі тәрбиеленушілерінің шығармашылық әлеуеті мен эстетикалық талғамын дамытуға ықпал ету.

«Балалар киімге ғана мұқтаж емес, олар еркін шығармашылықпен айналысу үшін канцелярлық тауарға, жан-жақты дамыған ұшқыр ойлы азамат болуы үшін кітаптарға да мұқтаж. Балдырғандардың жасы да әртүрлі. Егер киімдер мен басқа да заттар кішкентай бөбектерге арналған болса, онда біз оларды Бөбектер үйіне табыс етеміз. Ал әдебиеттің қандай жанрлары болса да біз қуана қабылдаймыз. Ересектерге арналған әдебиеттерді біз буккроссинг арқылы таратып яки кітапханаға сыйға тартатын боламыз. Мұнымен қоса, мейірімге мұқтаж бүлдіршіндерге сыйлық тартып, жақсылық жасауға әркім қатыса алады», - деп мәлімдеді шара ұйымдастырушысы, әлеуметтік-волонтерлік орталығының жетекшісі, ПМУ-дың Сәулет-құрылыс факультетінің студенті Наталья Ульченко.