С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2014 жылғы түлектерге диплом табыс ету рәсімі өтті.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 2005 түлектеріне салтанатты түрде диплом табыс етілді. Олардың 205-і үздік диплом иегерлері.

Жас мамандарды факультет декандары құттықтады. Түлектерге диплом табыс ете отырып, ұстаздары шәкірттеріне жүрекжарды лебіздерін арнап, кәсіби мансабына табыс, өміріне ақ жол тіледі. Бұл күні Павлодар мемлекеттік университетінің түлектері бірнеше жылдық білімінің жемісі – дипломын қолына алып, кәсіби өмірдің жаңа белестерін иегеруге атанады.

Павлодар мемлекеттік университеті – Ертістің Павлодар өңірінің мәдени және ғылыми орталығы. Студенттер үшін университеттің бай ақпараттық қорлары – заманауи құрылғылармен жабдықталған мультимедиялық оқыту құралдары, ғылыми-тәжірибелік орталықтары, ғылыми-технологиялық паркі, зертханалар жұмыс жасайды. Университет қабырғасында Қазақстан халқы ассамблясының филиалы, Жастар ісі жөніндегі комитеті, Студенттік радио, дебаттық клуб, Көңілді тапқырлар клубы, жастар қоғамдық бірлестіктері, еңбек жасақтары мен спорттық үйірмелер қызмет етеді. Сондай-ақ, С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері жоғары білімді игеру жылдарында қызықты да көңілді студенттік өмірді басынан кешіруге зор мүмкіндікке ие болады.