С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Баянтау» демалыс үйінде оқытушылар мен қызметкерлерге арналған «Денсаулық және сергектік» атты жазғы спартакиада өтті.

Спартакиаданы С.Торайғыров атындағы ПМУ Кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында дене тәрбиесі мен спорттық-сауықтыру шараларын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулықты нығайтудың басты қадамдары – дене тәрбиесі мен спортты әріптестер арасында насихаттау.

Спартакиадалық сайыс спорттың бірнеше түрінен өтті: футбол, волейбол, жүзу және т.б.

Бұл күні Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары мен қызметкерлері өздерінің спорттық шеберліктерімен қоса төзімділігі мен ептілігін танытты.

Спартакиада нәтижесі бойынша Энергетика факультеті деканының орынбасары Олжас Тәліпов, Электр энергетикасы кафедрасының аға оқытушысы Татьяна Михалевич және сол кафедраның докторанты Айбек Ақаев жеңімпаз дипломымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мұнымен қоса, спорт бәйгесінде т.ғ.к., Кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының профессоры Мұрат Бейсембаев, Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімінің қызметкері Алмагүл Тиісбаева, кеңсе хатшысы Сәуле Жакипова көзге түсіп, зор жетістіктерге қол жеткізді.

Айтулы спорт және денсаулық мерекесін ұйымдастыру жұмыстарында қомақты шаруаның басын қайырған С.Торайғыров атындағы ПМУ Кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Галина Каптюр мен Мүкетай Толенбекованы ерекше атап өтуге әбден лайық.