2014 жылдың 30 мамыр мен 6 маусым аралығында С.Торайғыров ат. ПМУ-да студенттер, магистранттар, профессорлық - оқытушылар құрамы үшін еуразиялық ықпалдастық басты қағидаттарын насихаттау бойынша дәрістер басталды.

Еуразиялық экономикалық одақтағы ықпалдастық дегеніміз ¬- бұл ынтымақтастық байланыс, бір-біріне икемделу, ұлттық шаруашылық бірлестігі, тұрмыстық өмірдегі ұлттық байланыс, сонымен қатар, біріктіру мақсатын тұтқан идеялардың ортақтығы, ел бірлігі.

2014 жылдың 30 мамырында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Қаржы-экономика факультетінің деканы, техника ғылымдарының доцент Тахир Ерназаров өз сөзінде: «Қазақстанның Еуразиялық одақ ықпалдастығы қазақстандық өндіруші нарығының өркендеуіне ықпал етеді», - деді.

«Әлеуметтану және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының кандидаты, доцент Илдар Қалиев өз баяндамасында: «Еуразиялық одақ ¬ үш мемлекеттің экономикалық ықпалдастықтың заманауи қалыптағы ұзақ мерзімді алаң болып отыр. Бүгінгі таңда осы мемлекеттер ортақ кедендік аймақты қолданып, ТМД мемлекеттері арасында валдық өнім 85 пайызды құрап отыр.