С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жоғары оқу орындары арасындағы 43-ші спартакидада мини футбол бойынша І орынды қанжығасына байлады.

Спартакиада нәтижесі бойынша павлодарлық ЖОО арасынан жаттықтырушы Есен Мұнтыновтың жетекшлігіндегі С.Торайғыров атындағы ПМУ мини футбол командасы оза шауып, І орынды иеленді. Сондай-ақ, Павлодар мемлекеттік университеті командалары жалпы командалық біріншілкте спорт ойындарының тоғыз түрінен бірінші орын алып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Команда құрамында Серік Қокумабаев, Дехан Кайырленов, Армиз Беков, Жанат Оспанов, Ризабек Мұрсалімов, Думан Марат, Әділ Рахметов, Игорь Червов, Олжас Төлегенов, Амангелді Исатай болды.

«Бізге жеңіс оңай тимеді. Бұл жетістігіміз – біздің спортшылардың соңғы бес жылдан бергі жеткен табысы. Команда жігіттері өздерінің шеберлігін, күш-қайратын, ептілігін спартакиада кезінде айқын көрсетті. Алдағы уақытта болатын жеңіл атлетика бойынша жарыстардан жеңіс тұғырынан көрініп, жақсы көрсеткіштерге ие боламыз деген үміттемін», - деп мәлімдеді команда бапкері Есен Наурызбайұлы.