С.Торайғыров ат. ПМУ-дың ФиЛр-302 тобының студенті Гайнель-Хаят Машрапова халықаралық «Жаппай диктантты» өте жақсы бағаға тапсырды.

Бұл бастама осыдан 8 жыл бұрын Новосібір студенттерінің ұсынысымен қолға алынған. Қазір әлемнің 45 елінде өткізілетін көрінеді. Жұртшылықтың сауаттылығының төмендеуіне назар аударту мақсатында жаппай диктант Новосібір қаласында алғаш өткен. Содан бері Ресей мен басқа да шетел мемлекеттері тұрғындары сауаттылығын тексеру үшін партаға отырып келеді. Ал Павлодарда «жаппай диктант» шарасы бірінші рет өтті. Диктантты орыс жазушысы Алексей Иванов «Поезд Чусовтік-Тагил» тақырыбында дайындады. Айтулы бақылау ерекше стилімен, лексикалық байлығымен ерекшеленеді.

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша Павлодар қаласы тұрғындары арасында орыс тілі бойынша сауатын 350-ге жуық адам тапсыру көзделген болатын. Алайда жаппай диктант акциясынна 693 адам қатысты. Павлодар қаласы тұрғындары айтулы акцияға белсене атсалысып, Павлодар шаһарын шараны белсенді қолдаушы қалалар төрттігіне көтерді.

Павлодар мемлекеттік университетінің студенті павлодарлық ең сауатты 50 тұрғынның бірі болып, сауаттылығын анықтайтын дипломға қол жеткізді.