2014 жылдың 5 мамыр күні С. Торайғыров атындағы ПМУ-да оқу орданың Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен студенттік өзін-өзі басқару аясында «Кубок КДМ – 2014» Жайдарман ойыны өтті.

Аталмыш ойынның басты мақсаты жастардың қазіргі заманға сай өнерге қызығушылықтарын арттырып, жастардың шығармашылығын дамытуға себеп болу.

Бұл ойынға жалпы 6 команда қатысқан болатын:

1) Тентектер united – ПМПИ;

2) Чехов аялдамасы – Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж;

3) Ақсу құрамасы – Ақсу қаласы;

4) Ыржи – ПМУ;

5) ЧП – ПМПИ;

6) Ассорти – ПМУ.

Ойын соңында С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Сарыбай Ақбота өз сөзінде: «Жайдарман ойынында «Кубок КДМ» алғаш ойнатылды, ойын жақсы деңгейде өтіп, командалар халыққа сапалы әзіл мен көтеріңкі көңіл-күй сыйладыңыздар. Бұл ойын біздің жыл сайынғы дәстүрімізге айналарына сенімім мол», - деп өз ойымен бөлісті.