С.Торайғыров ат. ПМУ-дың Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің «Механика және мұнай-газ ісі» кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Ресей жаратылыстану Академиясының корреспондент мүшесі, ҚР ғылым және біліміне еңбек сіңірген қайраткері Нұргүл Смайлова халықаралық «Science» ғылыми электрондық журналының редакциялық алқа құрамына қабылданды.

Аталмыш журналдың құрылтайшысы – Инновациялық технологиялар институты С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Нұргүл Смайловаға «Science» журналының редакциялық кеңес мүшелігін куәландыратын сертификат табыс етті.

Халықаралық «Science» ғылыми электронды журналы айына бір рет жарық көретін ғылыми баспа. Журналда ғылымның барлық бағытында теориялық және практикалық тың ғылыми мәліметтерден тұратын мақалалар жарияланады.

Айтулы журналдың редакциялық алқа мүшесі Нұргүл Темірғалиқызы «Физика-механикалық өңдеу мен үдерістері және құрылғылар» бағыты бойынша мақалаларды электронды поштасына қабылдап, ғылыми саралаудан өткізетін болады. Сонымен қатар, Павлодар өңірінде ғылымның бұл саласы бойынша жалғыз білікті маман мақаладағы мәліметтерді зерттеп, мақалаға мінездеме береді.