2014 жылдың 29 сәуір күні С.Торайғыров ат. ПМУ-дың «Ашық есік күндері» Павлодар облысы Ақтоғай ауданында өтті.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Foundation» факультетінің ұймдастыруымен шара Ақтоғай ауылының Абай атындағы жалпы білім беру мектебінің қабырғасында өтті. Павлодар мемлекеттік университеті өкілдерімен кездесуге Ақтоғай ауданының 110 оқушысы, оның ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш білдірген 86 болашақ түлек, алдын ала ҰБТ ережелерімен танысу мақсатында 10 сынып оқушылары, ұстаздар мен Абай атындағы ЖББМ әкімшілігі келді.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-мен танысу жоғары оқу орнының факультеттері мен мамандықтары, университеттік оқу бағдарламалары мен қызыққа толы студенттік өмір турасындағы бейнефильмді тамашалаудан бастау алды.

Жиналғандарға биология ғылымдарының докторы Ш.М. Жұмадин, педагогика ғылымдарының докторы М.Е. Исина, техника ғылымдардың кандидаты А.Д. Тастенова, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты С.С. Арыстанғұлова, техника ғылымдарының кандидаты М.К. Бейсембаева, филология ғылымдарының кандидаты Н.Ф. Крылова, тарих ғылымдарының кандидаты А.С. Молдакімов, техника ғылымдарының кандидаты Н.С.Сембаева, экономика ғылымдарының кандидаты Н.Б. Әбілшайықова, Foundation факультетінің әдіскері Н.Балтабаева университет факультеттері, мамандықтары мен оқу бағдарламалары туралы баяндамаларын ұсынды.

Қазақстан ЖОО қабылдану, құжаттарды қабылдау мерзімі мен ҰБТ тапсыру, мемлекеттік білім гранттары, мұнымен қоса, университеттегі жеңілдіктер жүйесі жайында биология ғылымдарының докторы, профессор Шолпан Жұмадина әңгімелеп берді.

Сондай-ақ, болашақ түлектер «Туризм» мамандығы бойынша білім алып жүрген 3 курс студенті Дулат Жұмаділов «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы турасында баяндалған баяндаманы зор қызығушылықпен қабылдады. Ол өз сөзінде Балтық халықаралық академиясында біздің университет студенттері мен магистранттарының білім алып жүріп, табысты жетістіктерге жетіп жүргенін хабарлап, слайдтық көрсетілім ұсынды.

Павлодар мемлекеттік университетінің өнерпаздары «Мелоди» дуэті, Студенттік филормонияның әншісі Әсел Құлжанова, КВН командасы өнер көрсетті.

Ақтоғай ауылының Абай атындағы мектеп басшысының орынбасары Әсел Адамова Ақтоғай ауданының болашақ мектеп түлектеріне көңіл бөліп келгені үшін С.Торайғыров атындағы ПМУ өкілдеріне алғысын білдірді.

Кездесу соңында С.Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдары, оқытушылары болашақ талапкерлерлерді мазалаған сауалдарға жауап беріп, келелі кеңестерін аямады.