С.Торайғыров ат. ПМУ-дың Агротехнология факультетінің студенттері Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өткен VI Республикалық пәндік олимпиадада үздік көрсеткіштермен көрінді.

Айтулы пәндік олимпиада болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіріп, білім өрісін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің ұйымдастыруымен жылда дәстүрлі түрде өтіп тұрады.

Аталмыш білім додасына Қазақстанның әр өңірлерінен аграрлық саланың болашақ мамандары қатысты. Республикамыздың 8 жоғары оқу орынынан мысалы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет (Астана қ.), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Орал қ.), Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің (Семей қ.) студенттері бақтарын сынады.

Олимпиадаға Павлодар мемлекеттік университеті Агротехнология факультетінің Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының 4 курс студенттері Бертрам Надежда, Атантаева Айшат, Нудьга Лидия, Титанов Жанат, Негманова Жанар, Мусалимова Әсел С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті, а-ш.ғ.к. Қайырлы Омашев Бейсенұлының жетекшілігімен қатысты.

С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері жалпы командалық есеп бойынша ІІ орын, жеке есепте Титанов Жанат ІІІ орынды қанжығасына байлап, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.