С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 2013 жылдың Еурорейтингінде 6 орынға ие болды. 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – Болон үрдісінің белсенді қатысушысы. Бүгінде университет екі бағыт бойынша, атап айтсақ, академиялық ұтқырлық және шетел ғалымдарын оқу үрдісіне тарту арқылы халықаралық білім кеңестігіне енген. Халықаралық рейтингтерге қатысудың маңызды аспектілерінің бірі  жоғары мектептер арасында белсенділік танытып, жоғары орындар арасынан бой түзеу болып табылады.  

Аталмыш Еврорейтингке әлемдегі 2 678 ЖОО, сонымен қатар, еліміздегі 23 ЖОО қатысқан. ЖОО-дар аймақтарға сәйкес халықаралық 9 баллдық жүйе бойынша сараланды.

Рейтинг Еуроодақ стандарттарына сәйкес жүргізілді. Сараптама ЖОО-ның ғалымдары атқарған ғылыми зерттемелері, халықаралық ынтымақтастық, түлектердің сұранысқа ие болуы, ақпараттандыру, профессорлық-оқытушылар құрамасының біліктілігін арттыруы, ЖОО-ның халықаралық мойындалуы, еуропалық ғылым академияларындағы мүшелігі, Еуропалық сауда-өнеркәсіп палатасы және Еурокомиссия берген марапаттар сияқты талаптар негізінде жасалды.

ПМУ қатысқан Еурорейтингте еуропалық стандарттарға, атап айтсақ, ЖОО-ның аймақтағы рөліне, оқу және ғылыми үрдістің мониторингіне, оқу үрдісінің ақпараттандыруына, сабақ беру сапасын бағалауындағы студенттердің рөліне, сапа саласындағы ЖОО-ның ішкі саясатына аса назар аударылған.