С.Торайғыров ат. ПМУ-дың Концерттік залында «ПМУ Сұлтаны – 2014» байқауының финалы өтті. Биылғы жылғы байқауға университеттің тоғыз факультетінің сегіз қырлы, бір сырлы жігіт сұлтандары қатысты.

Байқауды ұйымдастырған - С.Торайғыров атындағы ПМУ Жастар істері жөніндегі комитеті және «ПМУ.FM» студенттік радиосының ұжымы.

Байқау іріктеу және финалдан тұратын екі айналым бойынша өтті. Финалда қатысушылар өздерінің өнерлері мен дарындарын сәлемдесу сайысы «Визитка», таланттар сайысы «Мен және хоббиім», зияткерлік сайыс «Адами құндылықтар», бейне және дефиле сайыстарында паш етті.

Финалда жігіттер арасындағы кіл мықты атанған 13 жігіт бақтарын сынады.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар: бірінші орын «ПМУ Сұлтаны» атанған – Жақсылық Саттаров, екінші орынды қанжығасына байлаған – Ақылбек Темірболат, үшінші орын иегері – Аяз Қасенов.

«Көрермен көзайымына» айналған Абзал Қасенов. «Ғаламтор Сұлтаны» атанған Темірхан Байхадулин.

«Көрермен көзайымы» мен «Ғаламтор Сұлтаны» атақтарының иегерлері ғаламтор желісіндегі дауыс беру арқылы анықталды.

«ПМУ Сұлтаны – 2014» байқауының қатысушылары дипломдар мен құнды сыйлықтармен марапатталды.