2014 жылдың 20 ақпан күні С.Торайғыров ат. ПМУ-дың концерттік залында Таулы-Алтай мемлекеттік университетінің (Таулы-Алтайск, Алтай Республикасы, РФ) «Любава» орыс халық әндері ансамблінің концерті өтті.

Аталмыш ансамблдің өнерпаздары Таулы-Алтай мемлекеттік университеті мен С.Торайғыров атындағы ПМУ арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатымен қонаққа келді.

Орыс халық әндерін орындайтын «Любава» ансамблі 2005 жылы Таулы-Алтай мемлекеттік университет қабырғасында құрылды. Ансамбльдің басты шығармашылық бағыты – орыс халық әндерін орындау, авторлық туындыларды өңдеу. «Любава» ансамблі университеттің, Таулы-Алтайск қаласы мен Алтай Республикасының мәдени өміріне белсене атсалысып келеді. Бүгінгі таңда ансамбль Алтай Республикасының алдыңғы қатарлы өнер ұжымдары қатарынан көрініп жүр.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Ресей Федерациясының мәдени қайраткері Сергей Меноховтың айтуынша, «Любава» С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері мен оқытушыларына репертуарларындағы ең үздік әндерді орындады. «Сіздерге бай орыс мәдениетінің бір бөлшегін жеткізгенімізді мақтан етеміз. Жалпы, біздің ансамбль студенттерден құрылған. Сондықтан олар үшін басқа қалада, өзге елде өз құрдастары алдында өнер көрсету қиын болды. Біз үшін бұл ынтымақтастық қарым-қатынас орнатудың алғаш тәжірибесі, шығармашылық шекараны кеңейтудің зор мүмкіндігі», - деп ағынан жарылды өнер ұжымының жетекшісі.