2014 жылдың 19 ақпан күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне іс-сапармен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі Аслан Сәрінжіпов келді.

ЖОО-мен танысу университеттің бас ғимараты алдында орналасқан Ертістің Павлодар өңірі мақтаныштары, ғылым мен мәдениет қайраткерлері ескерткіштерінен бастау алды.

Іс-сапардың барысында С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев Білім және ғылым Министрін университеттің ақпараттандыру жүйесімен таныстырып өтті. Университеттің ақпараттандыру жүйесінің құрамына білім беру порталы, «e-Learning CDT» атты мультисервистік ақпараттандыру жүйесі, электрондық құжат айналым жүйесі, ақпараттық-коммуникациялық жүйе (ақпараттық киосктер, видеоконференц-байланысы, 19 интерактивтік проектор және т.б.) кіреді.

ПМУ ректоры Серік Өмірбаев Аслан Бәкенұлын оқу орынының жалпы ғылым мен білім беру ісінен хабардар етті. Мұнымен қоса, қонаққа университет ғалымдарының ғылыми-техникалық зерттемелері мен жобаларының, өңірлік инновациялық кеңсе және ғылыми инновациялық зертеу жұмыстарының стендтер көрмесі ұсынылды.

Білім және ғылым Министрі С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың төмен айтылған зерттеулерімен танысты: «Инновациялық технологиялардың қолдануымен астық элеваторларды жобалау» (орындаушы: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Қазақстан Республикасы), И.И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университеті (Ресей Федерациясы); ғылыми жетекшілері: т.ғ.к., профессор К.Ш. Арынгазин (С. Торайғыров атындағы ПМУ), т.ғ.к., доцент В.С. Лузев (АлтМТУ); «Фазаның үзілуінен және дәмеленетiн кернеудiң симетриясыздауынан қорғайтын құрылғыны өңдеу» (орындаушылар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Қазақстан Республикасы), Томск политехникалық университеті (Ресей Федерациясы); ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Новожилов А.Н. (С. Торайғыров атындағы ПМУ), т.ғ.к., профессор Полищук В.И. (ТПУ); «Қуаты 4 кВт желді-генераторлық қондырғының жобасы» (ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., профессор Шумейко И.А).

Арнайы іс-сапардың аясында Аслан Бәкенұлы Павлодар мемлекеттік университетінің Минералдық мұражайын және ғылыми зертханаларының жұмысымен танысты.

Тағы айта кетерлігі, қонақты Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының профессоры, б.ғ.к. Мағаш Аятханұлы «Жануарлар биотехнологиясы» зертханасымен, Химия және химиялық технология кафедрасының доценті, х.ғ.к. Эльдар Копишев «Химиялық наноқұрылған полимерлік гидрогельдер мен наноэлектроника» зертханасымен, Агротехнологиялық факультетінің деканы, а.ғ.д., профессор Тоқтар Бексеитов «Өсімдік биотехнологиясы» зертханасымен, ПМУ-дың «Қуат үнемдеу және технологиялар» ғылыми-өндіріс орталығының басшысы, т.ғ.д., ЖАК профессоры Болатбек Өтеғұлов «Қуат үнемдеу және технология» зертханасы жұмыстарымен таныстырды.