С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Ғабит Хафиз және Данат Бекжасаров М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да өткен Қазақстан Нұрлан Нығматулинмен кездесуге қатысты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасының халқына жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын түсіндіру бойынша Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған іс-сапарының шеңберінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерімен кездесті.

Жыл сайын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары ел жастарының мемлекет дамуына қосар үлесі ретінде шығармашылық және қоғамдық өмірге белсенді атсалысуына ықпал етіп келеді.

Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Ғабит Хафиз бен Данат Бекжасаров – белсенді студенттер. Ғабит – студенттік ректор, Данат – омбудсмен. Олардың мәлімдеуінше бұл жолғы сапарлары Мемлекет Басшысының қазақстандық жастарға артқан мақсат-міндеттерді орындау барысында келешекке даңғыл салды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ қабырғасында белгіленген «Мәңгілік Ел» қоғамдық жастар бірлестігінің құрылуын ерекше шабытты көңілмен қабылдады.

Ғабит пен Данат шырайлы Шымкент қаласынан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Серік Өмірбаевқа осындай ұлағатты іске атсалысып, жастарды ынталандырғаны үшін алғыс хатын жеткізді.