БСҚА агенттігі 2013 жылғы 21 желтоқсандағы шешімі бойынша С.Торайғыров ат. ПМУ институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік алды.

Білім ордамыздың халықаралық кеңістікте өз орнын алуы Болондық үрдісті жүзеге асыру аясындағы университет дамуының маңызды стратегиялық аспектісі болып табылады. Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу – оқу бағдарламаларын дамыту жолындағы басты тетік. Сонымен қатар ЖОО-ның аккредиттеуі қазақстандық жоғары мектептің маңызы зор инновациялық құралы болып, нақты ЖОО-ның білім беру сапасының объективтік көрінісі болып тұр.

Павлодар мемлекеттік университеті ректоры э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаевтың айтуынша аккредитациялық ұлттық жүйе бойынша жоғары мектептің бағалануы оқу орны үшін өте маңызды. «Сапалы білім берудің көпдеңгейлі бағалау жүйесінің трендінің бірі Болондық білім беру процесі екені сөзсіз. Аккредитациялық қызмет арқылы шетелдік тәжірибе қазақстандық білім беру жүйесінде қолданылады. Бұл халықаралық білім беру кеңістігін біріктірудің маңызды кілті болып табылады», – деді Серік Мәуленұлы.