С.Торайғыров ат. ПМУ-дың студенті Павел Граф (жетекшісі – Г.К. Сүлейменова) «Сибирь зажигает звезды» халықаралық байқау-фестивалінде «Аспаптық жанр – фортепиано» номинациясы бойынша ІІІ деңгейлі дипломмен марапатталды.

Фестивальдің ұйымдастырушылары: «Планета талантов» балалар шығармашылығын қолдау және дамыту қоры (РФ).

Байқауға алыс және жақын шетелдердің әр түкпірінен келген концерттік ұйымдарда, театрларда, кино мен телерадиода қызмет ететін топтық әрі жеке орындаушылар, театр және музыкалық жоғары оқу ордаларының студенттері, өнер мен мәдениеттің бастауыш, орта және орта кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушылары, сонымен қатар, көркем өнерпаздар үйірмелерінің мүшелері қатысты.

Байқауға қатысушылар вокал, хор, аспаптық музыка, хореография, сән театры, театрлық жанр, көркем сөз сынды номинациялар бойынша өз номерлерін ұсынды.

Байқау бағдарламасын Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының жоғары оқу орындарының белгілі профессорлары мен академиктері, облыс мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкерлер мен өз істерінің шеберлері бағалады.

Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Павел Графтың айтуынша халықаралық мәдени шараға атсалысу бойындағы өнерді шыңдаудың зор мүмкіндігі екен. «Байқауда өз мемлекетіңді, өз туған өлкеңді, білім алып жүрген шаңырағыңды таныту – үлкен жауапкершілік және мақтаныш», - деп мәлімдеді жас өнерпаз.