2014 жылдың 24 қаңтарында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттау топтың жетекшісі жоғары оқу орнының басшылығымен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті.

2014 жылдың 24 қаңтар күні Павлодар облысы әкімі Қанат Бозымбаевтың өкіміне сәйкес аймақта Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттау іс-шараларды өткізудің бірыңғай күні болып жарияланды.

Сол мақсатпен С. Торайғыров атындағы ПМУ-ға келген Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың облыстық филиалының директоры Рысты Қанаева Президент Жолдауын түсіндіру жөніндегі жұмысты атқарып, Елбасымыз қойған жеті басымдықтың мәселесіне айрықша назар аударған. Сонымен қатар, Рысты Мойылжанқызы Жолдаудың әлеуметтік бағыттанушылығын айрықша атап өтті.

Кездесу соңында ақпараттық-насихаттау топтың жетекшісі Жолдау бойынша қойылған сауалдарға толыққанды жауап берді.