С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының жұмысы туралы «КҚҚТДО» – әрқашан хабардар болу, әрқашан байланыста болу!» атты тақырыпқа кезекті онлайн-конференция өткізді.

Конференция үйлестірушілері: КҚҚТДО-ның Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жөніндегі бөлім басшысы Зайда Өмербекқызы Асанбаева, психология ғылымдарының кандидаты, Діни экстремизм құрбандарын оңалту бөлімінің басшысы Наталья Фёдоровна Фесенко.

Онлайн-конференцияны өткізу кезінде 18 сұрақ түсті, оның ішінде 5 сұраққа З.Ө. Асанбаева жауап берді және қалғанына Н.Ф. Фесенко Ж.Қ. Бертымұратовпен бірге жауап берді.

Виртуалдық диалогқа қатысушыларын секта туралы, олардан қоғамға қандай қауіп-қатер төніп тұр, әлемде болып жатқан лаңкестік акциялар жайлы сұрақтар қызықтырды, олар оны болдырмайтын тәсілдер туралы өздерінің пікірлерін білдірді. Қолданушылардың бірі экстремизмге және лаңкестікке қарсы күрес сұрақтары бойынша заңдар туралы дұрыс ақпаратты қандай сайттан алуға болады деген сұрақ қойды.

Есептеуіштің мәліметтері бойынша, бір сағаттағы жұмыста қарап шыққандардың жалпы саны – 271 адам, оның ішінде қолданушылардың көбі Қазақстаннан (95,0%).

Қолданушылар жас-жыныстық белгісі бойынша осылайша бөлінді: жыныстық бойынша: еркек – 77,0%; әйел – 23,0%; жас категориясы бойынша – 17 жас – 7%; 18-24 жас – 60,0%; 25-35 жас – 23%; 45 жас және жасы үлкен – 10%.

Өткізілген онлайн-конференцияның материалдарымен «Rukhani alem» сайтында танысуға болады.