2013 жылдың 28 қарашасында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттік клубында Орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен әдеби бал өтті.

Осымен екінші мәрте өтіп жатқан балға арқау болған тақырып – «Әлем әдебиетіндегі ханшайымдар». Бүгінгі бал кешінде Хадсон, Скарлет О Хара, Марпл мен Мэри Попинс ханымдарды бір уақытта, бір жерде көруге мүмкін болды. Шығармашылық жандарға шабыт беру мақсатында жылдағы бал кештерінің тақырыптары өзгеріп отырады.

Әдеби кештің мақсаты – студенттердің 18-19 ғасыр әдебиетін зерттеуге қызығушылығын ояту және шетел әрі орыс мәдениетінің тарихынан хабардар болу, сонымен қатар, ұлы ақын, жазушылардың ғұмыр кешкен уақыттарындағы бал кештері дәстүрін түсініп, сол дәуірдегі адамгершілік құндылықтарды жастардың бойына сіңіру.

Шараны дайындау барысында студенттер мен кафедра оқытушылары ұйымдастыру мен шығармашылық жұмыстарға белсене атсалысты. Студенттер «Ромео мен Джульетта», «Күлбикеш», «Фигароның үйленуі», «Тәкапарлық пен теріс ұғым» сынды жаһан класикасы шығармаларынан үзінді көрсетті. Фил-402 тобының студенттері Леонид Филатовтың «Тағы да жалаң патша жайында» атты шығармасыннан үзінді қойылымын жоғары актерлік шеберлікпен орындап шықты. Сонымен бірге 2 курс студенттері катильон мен мэнуэта сынды тамаша өнерлерін көрерменге ұсынды.

Болашақ әдебиетші мамандардың ұйымдастырған әдеби бал кеші сол бір өткен ғасырлардағы бал кештерінде жүргендей әсер қалдырды. Қонақтар викториналар, ребустар, шардтар, жұмбақ шешу мен ұйқастық шығармалар тудырумен әуре болып, уақыттың қалайша лезде өтіп кеткенін байқамай қалғандай. Белсене атсалысқан қатысушылар сыйлықтарсыз әсте қалмады.

Жаңа дүниелердің бәрі – бір кездері ұмыт қалған ескіліктің көзі дегендей, өткен күндердегі әдеп пен дәстүрлер бүгінгі күннің мәдениетінің ажырамас бөлігі екені рас. Оның дәлелі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткен әдеби бал кеші екені даусыз.