2013 жылдың 19 қарашасында Естай атындағы мәдениет сарайында Халықаралық студенттер күніне орай С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттерін университет студенттерінің қатарына салтанатты түрде қабылдауы өтті.

С.Торайғыров атындағы ПМУ - Ертістің Павлодар өңіріндегі алғашқы жоғары оқу орны. Әлі күнге дейін жоғары мектеп Павлодар облысында кәсіби білікті мамандарды даярлап келеді. Ал, бүгінде оқу ордасы Республикамыздағы үздік бес жоғары оқу орындар қатарында.

2013 жылдың 14-30 қазаны аралығында университетте факультеттер арасында шығармашылық байқау өтті. Байқаудың нәтижесі бойынша ең үздік болып Энергетикалық және Металлургия, машина жасау және көлік факультеттерінің студенттері танылды. Ерекше өнерімен тамсандырған өнерпаздар алғыс хаттар мен дипломдармен марапатталды.

Қаржы –экономикалық факультет ерекше өнерімен көзге түсіп, екінші орынды иеленді. Агротехнологиялық факультет қанжығасына бірінші орынды байлады. Ал, басты жеңіске және құнды ноутбук сыйлығына қол жеткізген факультет – Сәулет-құрылыс факультеті.

Қызығы мен қиындығы қатар жүретін студенттік өмірді жаңа бастаған студенттерді С.Торайғыров атындағы ПМУ Дамыту стратегиясы бойынша және тәрбие мен әлеуметтік жұмыстары жөніндегі проректор, с.ғ.д., профессор Арман Ақышев өз сөзінде: «ПМУ студенті – жан-жақты шығармашылық тұлға. Университет қабырғасында облыстық және республикалық фестивальдер мен байқаулар өтіп тұрады. Студенттік филармонияның базасы негізінде көптеген шығармашылық ұжымдар қызмет етеді. Оқу ордамызда Қазақстан Халықтары ассамблеясы, Жастар ісі бойынша комитеті, студенттік радио, дебаттық клуб, КТК, қастар қоғамдық бірлестігі, еңбек және спорт секциялары жұмыс жасайды. Сондықтан, Сіздердің шығармашылық бастамаларыңыз ПМУ қабырғасында одан әрі дамитынына сенімдімін», - деді.

Концерттік бағдарламаға С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері мен Студенттік филармония ұжымы қатысты.