Cтудентердің ғылыми - зерттеулік жұмыстарының сайысы!

ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ҚР жоғарғы оқу орындарында студенттертің ғылыми-зерттеу жұмысының жыл сайынғы конкурсын жариялайды.

Студенттердің рәсiмделген конкурстық материалдарын (әр факультеттен 5 жұмыстан кем емес) ғылыми-зерттеу жұмыстарын инновация және пәтенттік-лицензиялық қызметтің бөліміне 10.12.2013 ж. дейін тапсыруыңызды сұраймыз.

Конкурсқа қатысты барлық мәлiметтерді инновация және ПЛҚ бөлімінде алуға болады (каб.233б, іш.1244; 1208).

Материалдарды рәсімдеу тәртібі тіркелінген (сонымен қатар ПМУ порталын қараңыз).

Қосымшаны жүктеу