С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері «Миллионға идея» атты облыстық бизнес-жобалардың байқауына белсенді қатысты.

«Миллионға идея» облыстық бизнес-жобалардың байқауы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясында Павлодар облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша «Серіктестік орталық» атты Павлодар қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.

Аталмыш байқауға қатысушылар жобалары келесі бағыттар бойынша бағаланды: EXPO-2017 тақырыбына сәйкес жобалар; агроөнеркәсіптік кешенді жобалар; әлеуметтік маңызы бар жобалар; IT-технологиялар саласындағы инновациялық жобалар.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенттеріне ПМУ-дың Технологиялық трансферті және инновациялар аймақтық орталығы техникалық қолдау көрсетті. Және студенттердің бұл жұмыстары байқауға қатысқан жобалардың үздіктер қатарынан бой түзеді. ПМУ студенттері Алтынай Ешенова, Сәуле Сләмбекова, Салтанат Бұлатова байқаудың жүлдегері атанса, Сағыныш Нұрқымбаев, Аслан Аманғұлов, Серік Ташенов, Дмитрий Алексеенконың жобалары байқаудың финалына дейін жетіп, жоғары бағаланды.