2013 жылдың 27 қыркүйек күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ПМУ әкімшілігінің, құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің, студенттерінің белсенді қатысуымен «Таза жұма» сенбілігі өтті.

«Таза жұма» сенбілігіне қатысқандардың жалпы саны – 1200 адам.

Сенбілікке қатысқан С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Дамыту стратегиясы бойынша және тәрбие мен әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Арман Әкішевтың айтуы бойынша, университеттің осындай іс-шараларға қатысуы – қаланың жақсарту және көгалдандыру ісіне үлес қосқаны. «Оқу мекемесінің таза ауласы – бұл университеттің ғана емес, әрбір студенттің беделін көтеруде», – деді Арман Айтмұхаметұлы.

Болашақ аудармашы Темірлан Түлегенов «Таза қала» және «Таза университет» сынды акцияларға қатысуы әрбір қала патриоты үшін намыстың ісі болып саналады деген пікірін білдірді.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың оқытушылары, қызметкерлері және студенттерінің жалпы пікірі бойынша, университет ауласын тазалау білім ордасының өркендеуіне септігін тигізеді.

Бұл тазалық акциясы ПМУ-да алғаш рет өтіп жатқан жоқ. Осындай іс-шаралар дәстүр бойынша достық және тілектестік көңіл-күйде өтуде.

Университет ұжымы қатысқан сенбілік арқылы қаладағы «Таза жұмалар» атты игі дәстүр өз жалғасын табуда.