Павлодар өңірінің ғылым жұртшылығы танымал ғалым, талантты ұстаз және дарынды ұйымдастырушы Иван Шумейконың 70 жылдық мерейтойын атап өтті.

И.А. Шумейко – техника ғалымдарының кандидаты, Құрметті кафедра меңгерушісі, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры. Иван Алексеевичтың бұл күндері техника ғылымы саласында және басқа салалардағы ғылыми ізденістен туған жаңашыл жаңалықтары отандық өндірістің сатылай дамуына септігін тигізіп отыр. Оған дәлел – ғылымның көптеген марапаттары: «Еңбек ардагері» медалі, «Айбынды ұзақ уақытты еңбегі үшін» куәлігі, С. Торайғыров атындағы алтын медалі және т.б.

Профессордың 60-тан астам басылымдары отандық және шетелдік баспаларында жарық көрген.

И.А. Шумейко – ПМУ студенттік-конструкторлық бюросының «Жаңғартылған энергия қайнар көзі негiзiнде электр энергияны алудың дәстүрлi емес технологиялары» ғылыми бағытының жетекшісі.

ПМУ ғылымының абыроймен өткен еңбек жолы тарихымен үндестігінде ерекше назар аударылып, еңбегінің зор бағасы республикалық деңгейде бағалануда.