2013 жылдың 20 қыркүйегінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы заңдық негізін мәлімдеу.

Дөңгелек үстелді ашқан С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанындағы Технологиялық трансферті және инновациялар Аймақтық орталығының директоры Сергей Смаилов өз сөзінде былай атты: «Қай еңбекті алсаңыз, бұл – авторлық құқығы бар зияткерлік меншік. Оны қорғау – еліміздің халықаралық беделі ұдайы өсуінің кепілі».

Аталмыш іс-шараға Павлодар облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бастығы Талғат Оспанов, С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың факультет декандары Төлеуғазы Тоқтағанов, Александр Кислов, Марат Кудерин, университет ғалымдары және танымал өнертапқыштар Анатолий Захаров, Абылхан Қарақаев, Николай Дудак, «ConcordiA» Студенттік инновациялық зерттемелер орталығының төрағасы Әлфараби Ұзақ қатысқан.

Қатысушылардың бірі, Талғат Оспанов өз сөзінде: «ПМУ мен Әділет департаменті арасындағы ынтымақтастық меморандумға сәйкес, департамент қызметкерлерінің университеттің өнертапқыштарына зияткерлік меншік құқығы жөнінде мәлімдеу жұмысын өткізілуіне жол ашылды», – деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар патенттеудің реті, мерзімі, тарифтеуі, заңдық негізі сынды мәселелерді талқылап шықты.