2013 жылдың 20 қыркүйегінде Агротехнологиялық факультетінің деканы Бексеитов Т. К. және «Зоотехнология, генетика және селекция» кафедрасының меңгерушісі Бурамбаева Н. Б. индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы саласында ашылған Жаңа Қала шаруа қожалығының сүт фермасының презентациясы және ашылу рәсіміне қатысты.

Презентацияға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әшімбетов н. К., Павлодар ауданының әкімі Ауталипов Н. К., Казагрофинанс, ауыл шаруашылық басқармасы, Фудмастер АҚ өкілдері қатысты. Агротехнологиялық факультет ғалымдары үш жылдан аса Жаңа Қала шаруа қожалығына ғылыми қолдау жасап, малды азықтандыру мен асылдандыру жұмысына инновацияларды енгізуге ұсыныстарын беруде. Университет Агротехнологиялық факультетет студенттері инновациялық шаруашылық базасында өндірістік практикаларын өтуге шарт жасасты.