Агротехнологиялық факультет кәсіптік практика және жұмысқа орналастыру бөлімімен бірге студенттердің кәсіптік практика базасы және жұмыс берушілер агроөндірістік кешенінің ірі өнеркәсіптері презентациялары бойынша жоба жұмысын бастады.

Сондай өнеркәсіптің ең алғашқысы болып 2013 жылдың 19 қыркүйегінде Фудмастер компаниясы және оның Павлодар өңіріндегі филиалы Сүт АҚ болды. Факультет қонағы болып ТЕД ЖОО және коммуникациялар байланысы бойынша менеджер Клоэ Шмитт (Мәскеу қ.), қызметкерлер бойынша менеджер Нұртаева Айнара (Алматы қ.), АҚ Сүт қызметкерлер менеджері Атлан Ксения (Павлодар қ.). Таныстырылым қатысушылары факультет студенттері мен ПОҚ болды.

Презентация алдында факультет деканы Т. К. Бексеитов білім бағдарламаларымен, кадр потенциалы, факультеттің материалдық базасымен таныстырды. Фудмастер компаниясы мен факультеттің ынтымақтастығын атап өтті: кәсіптік практика, өнеркәсіп тапсырысы бойынша дипломдық және курстық жұмыстардың орындалуы, оқу жоспарының орындалуы, оқытушылар тағылымдамасы, ғылыми зерттеулер және студенттердің жұмысқа орналасуы. Содан соң қонақтар өз өнеркәсіптерін, өнім түрлерімен таныстырды.

Екі жақ ынтымақтастықты жоғарлату үшін телефон нөмерлерімен алмасты.