Павлодар өңірінің ғылыми жұртшылығы дарынды ғалым, ұлағатты педагог Елена Бурдинаның мерейтойын атап өтті.

Елена Бурдина – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Педагогикалық білім беру Халықаралық ғылым Академиясының академигі және Қазақстанның Педагогикалық Ғылым Академиясының академигі. Педагогика саласы бойынша үздік ғылыми зерттеу және жұмыстары үшін Ы.Алтынсарин атындағы ІІІ сыйлық лауреаты, Ы.Алтынсарин атындағы кеуде белгісімен, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Алтын медалімен, Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Ғалымның еңбектері отандық және шетелдік баспаларында жарық көрген. Е. Бурдина 200-ден аса ғылыми еңбектердің авторы, соның ішінде 12 оқу құралы және 2 электронды оқулық, 1 монография және этнопсихология және этнопедагогика бойынша орысша-қазақша сөздік бар. Дарынды ұстаз аймағымыздағы ғана емес, еліміздегі педагогика ғылымына, педагогикалық бағыты бойынша мамандарды даярлау ісіне зор үлес қосуда.

Е. Бурдина «Педагогика тарихы», «Жоғары мектептің психологиясы», «Жоғары музыкалық білім беру жүйесіндегі арнайы пәндерді оқытудың психологиялық-педагогикалық тәсілдері» атты оқу құралдарына патенттер мен авторлық куәліктерінің иегері.