2013 жылдың 14 қыркүйегінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің әкімшілігі, ұжымы мен студенттері Қала күні мерекесіне белсенді қатысты.

Салт-дәстүрге сай жабдықталған, безендірілген С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың киіз үйі Қала күніне арналған «Шуақты қала» мерекесінің сәнін келтірді.

Сонымен қатар, Павлодар мемлекеттік университеті «Универфэст» атты жастар бағдарламасын ұсынған. Бағдарламаға ПМУ студенттік филармониясының үздік әншілері қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарының көңіл-күйін көтерді.